
Толық DCI контейнерін көрсету
Бұл опция бастапқы параметрі болып табылады және 4096×2160 немесе 2048×1080 жақтауын
толығымен көрсетеді.
DCI 1,85:1 ара-қатынас маскасы
Бұл опция 4096 кең жақтауының ең шеткі сол жақ және оң жақ 50 пикселіне (2048 кең бастапқы
көздеріне ең шеткі сол жақ және оң жақ 25 пикселіне) маска орнатады. Нәтижесінде кескін алдыңғы
бөлімде сипатталған кескін масштабтау опцияларының көмегімен айтылғандай көрсетіледі.
Келесі суретте 1,85:1 ара-қатынасына дейін қиып алынған DCI бастапқы көзі көрсетілген.
DCI 2,39:1 ара-қатынас маскасы
Бұл опция 4096 кең жақтауының ең жоғарғы және төменгі 222 пикселіне (2048 кең бастапқы көздеріне
ең жоғарғы және төменгі 111 пикселіне) маска орнатады. Нәтижесінде кескін алдыңғы бөлімде
сипатталған кескін масштабтау опцияларының көмегімен айтылғандай көрсетіледі.
Келесі суретте 2,39:1 ара-қатынасына дейін қиып алынған DCI бастапқы көзі көрсетілген.
Кескінді реттеу опцияларын түсіну 29
Comentarios a estos manuales