
Қосымша жад орнату
Бұл компьютер төмен қуатты қос дерек беру жылдамдықты 3 синхронды динамикалық жұмыс жады
(DDR3L-SDRAM) екі жақты жад модульдерімен (DIMM) бірге беріледі. Сонымен қатар ол стандартты
DDR3-SDRAM DIMMS қолдайды.
DIMM құралдар
Жүйе тақтасындағы жад ұяшықтары төрт өнеркәсіптік-стандартты DIMM құралдарымен толтырылуы
мүмкін. Бұл жад ұяшықтарында кем дегенде бір алдын-ала орнатылған DIMM болады. Жад қолдауын
барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 32 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы режимде
жиналған жад орнатуға болады.
DDR3/DDR3L-SDRAM DIMMs
Жүйенің жұмысы дұрыс болу үшін, DIMMs мына талаптарға сай болуы тиіс:
●
өндірістік стандарты 240-істік
●
буферсіз ECC PC3-12800 DDR3/DDR3L-1600 МГц-үйлесімді емес
●
1,5 вольттық DDR3-SDRAM DIMM немесе 1,35 вольттық DDR3L-SDRAM (қуаты төмен) DIMM
Сонымен қатар DIMM келесілерді орындауы керек:
●
CAS латенциясына 11 DDR3/DDR3L 1600 МГц (11-11-11 уақытымен) қолдау көрсетеді
●
құрамында міндетті түрде JEDEC SPD ақпараты болуы тиіс
оған қоса, бұл компьютер қолдайды:
●
512-Mбит, 1-Гбит, және 2-Гбит ECC-емес
жад технологияларын
●
жалғыз-жақты және екі-жақты DIMM құралдарды
●
x8 және x16 DDR құрылғысымен жасалған DIMM құрылғылар; x4 SDRAM арқылы жасалған DIMM
құралдарды қолдамайды
ЕСКЕРТПЕ: Егер қолдауы жоқ DIMM құралдар орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
DIMM ұяшықтарын толтыру
Жүйе тақтасында әр арнаға екі ұяшықтардан келетін төрт DIMM ұяшықтары бар. Ұяшықтар DIMM1,
DIMM2, DIMM3 және DIMM4 атауларымен таңбаланған. DIMM1 және DIMM2 ұяшықтары В арна жадында
қызмет атқарады. DIMM3 және DIMM4 ұяшықтары А арна жадында қызмет атқарады.
Жүйе DIMM құралдарының орнатуларына қарай автоматты түрде жалғыз арналы, қос арналы, немесе
икемді режимде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна және теңгерілмеген қос арна жадының
конфигурациялары график жұмысын
нашарлатады.
●
Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді.
●
Егер А арнасындағы DIMM құралдар жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM
құралдар жадының толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау
режимінде жұмыс істейді. Мысалы, егер А арнасы екі 1-GB DIMM құралдарымен толтырылса және
В 2-GB DIMM біреуімен толтырылса, жүйе қос арналы күйде қызмет атқарады
.
●
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық
сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз
Қосымша жад орнату 13
Comentarios a estos manuales