
3. USB кабелі жалғанғаннан кейін, ноутбуктің экранында автоматты ойнату терезесі
көрсетілетін болады. Автоматты ойнату терезесінде Файлдар қарау үшін қалтаны ашу
түймесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Автоматты ойнату терезесі көрсетілмесе, Microsoft Windows Explorer арқылы
HP S231d драйверін таңдаңыз да, келесі қадамға өтіңіз.
4. SETUP файлын екі рет басыңыз.
5. Тіліңізді таңдап, көрсеткі түймені басыңыз.
6. DisplayLink драйверін орнатыңыз.
Драйверлерді монитормен бірге берілген ықшам дискіден орнату:
1. Ықшам дискіні ноутбуктің оптикалық диск жетегіне салыңыз.
ЕСКЕРІМ: Автоматты ойнату терезесі көрсетілмесе Microsoft Windows Explorer арқылы
ықшам дискіні таңдап, келесі қадамға өтіңіз.
2. START файлын екі рет басыңыз.
3. Тіліңізді таңдап, көрсеткі түймені басыңыз.
4. HP S231d драйвер бағдарламасын орнатыңыз:
5. Драйверлер орнатылғаннан кейін, жоғарыда көрсетілгендей берілген USB кабелінің бір
ұшын ноутбуктің USB ұясына, ал екінші ұшын монитордың кіріс USB ұясына жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Жақсы жұмыс істеуі үшін, USB кабелін ноутбуктің SuperSpeed USB немесе
USB 3.0 портына жалғаңыз. Бұл порттар көк түспен белгіленген немесе олардың SS-USB
белгішесі бар. Монитор USB 2.0 портына жалғаулы болғанда да істейді, бірақ жалпы дерек
тасымалдау жылдамдықтары төмен болады.
Бағдарламалық құралдың бастапқы орнатуы аяқталғаннан кейін ноутбукті HP S231d
мониторына жалғағанда, ноутбуктің экранында автоматты ойнату терезесі көрсетілуі мүмкін.
Драйвер бағдарламасын HP S231d мониторына қосылған сайын қайта орнату қажет емес.
AutoPlay терезесін жауып қоюыңызға болады.
Microsoft Windows 7 амалдық жүйесінде автоматты ойнату терезесін өшіру:
1. Басқару тақтасы қалтасын ашып, Жабдық жəне дыбыс > Автоматты түрде ойнату
тармағын таңдаңыз.
2. Автоматты ойнатуды
барлық/кейбір құрылғыларға қолдану ұяшығынан құсбелгіні
алып, Сақтау түймесін басыңыз.
Параметрлердің бастапқы орнатуынан кейін пайдаланушы құжаттамасын көру үшін,
монитормен бірге берілген ықшам дискіні салып, Microsoft Windows Explorer арқылы ықшам
дискідегі құжаттамаға өтіңіз.
Осы мониторға арналған драйвер бағдарламалық файлдарының жаңартуларын
http://www.hp.com мекенжайы бойынша қараңыз, Поддержка (Қолдау) тармағын басыңыз, одан
кейін түспелі мəзірден Загрузка драйверов (драйверлерді жүктеу) пəрменін таңдаңыз.
Мониторға арналған бағдарлама файлдарының жаңартуларын көру үшін Поддержка и
драйверы (қолдау жəне драйверлер) тармағын
http://www.hp.com мекенжайы арқылы ашыңыз.
10 Бап 2 Мониторды орнату
Comentarios a estos manuales