
ЕСКЕРІМ: Қуат түймесін басқанда ештеңе болмаса, қуат түймесін құлыптау мүмкіндігі
қосылған болуы мүмкін. Осы мүмкіндікті өшіру үшін монитордың қуат түймесін 10 секунд басып
тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Экрандық мəзірдегі қуаттың жарық диодын өшіруге болады. Монитор алдындағы
Мəзір түймесін басып, Басқару > Алдыңғы тақта қуатының жарық диоды > Өшіру
параметрлерін таңдаңыз.
Монитор қосылғанда, монитор күйі туралы хабар бес секунд көрсетіледі. Хабар қай кірістің
(HDMI, DisplayPort, VGA, немесе MHL) ағымдағы уақытта қосылған сигнал немесе
автоқосқыштың бастапқы параметрі (Қосу немесе Өшіру; зауыттың əдепкі мəні қосылған),
əдепкі сигнал (зауыттың əдепкі мəні - DisplayPort), ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей
ажыратымдылығы жəне ұсынылған алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы екенін
көрсетеді.
Монитор автоматты түрде сигнал
кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады жəне
көрсету үшін сол кірісті пайдаланады. Егер екі кіріс қосылған болса, монитор əдепкі кіріс көзін
көрсетеді. Белсенді кірістердің бірі əдепкі кірістердің бірі болмаса, монитор біріншілігі ең
жоғарғы кірісті көрсетеді. Экран мəзіріндегі əдепкі кіріс көзін өзгерту үшін, алдыңғы панельдегі
Menu (Мəзір) түймесін басып, Input Control (Кіріс көзін басқару
) > Default Input (Əдепкі кіріс
көзі) тармақтарын таңдаңыз.
HP су белгісі мен қалдық бейне тəртібі
IPS мониторлы үлгілері ультра-кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын
қамтамасыз ететін IPS (жазықтық ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. IPS
мониторларын түрлі жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға
жарамды, Бұл панель технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді
ұзақ уақыт аралығында экран қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен
қолдануға жарамайды. Бұндай бағдарламалардың қатарына камера бақылаушы, видео
ойнындар, сауда
логолары жəне экранда ұзақ уақыт ойнатылатын үлгілер жатады. Статикалық
бейнелер экранда дақ немесе су дақтары сияқты көрінетін бейне қалдықтарының пайда
болуына себеп болуы мүмкін.
Мониторды 24 сағат қолдану нəтижесінде пайда болатын бейне ақаулықтары HP
кепілдемесінде аталмаған. Бейне ақаулықтарын болдырмау үшін қолданыстан тыс кезде
мониторды өшіріп қойыңыз немесе, егер жүйеде жабдықталған болса, қуат басқару параметрін
қолданыстан тыс кезде мониторды өшіру қызметіне қойыңыз.
Монитор тұғырын алу
Мониторды тіреуіштен алып, қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына
орнатуға болады.
ЕСКЕРТУ: Мониторды бөлшектемей тұрып, монитордың өшірілгендігіне, қуат жəне сигналдық
кабельдерінің екеуі де ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар мониторға жалғанған
барлық USB жəне аудио кабельдерін ажыратыңыз.
1. Сигналдық, қуат, USB жəне аудио кабельдерін монитордан ажыратып алып тастаңыз.
2. Монитордың бетін төмен қаратып, таза, құрғақ мата жабылған жазық жерге жатқызыңыз.
HP су белгісі мен қалдық бейне тəртібі 15
Comentarios a estos manuales