
Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары
Ерекшеліктер
Дисплей мүмкіндіктері:
●
Көру аймағының диагоналі 88,9 см (35 дюйм) дисплейдің ажыратымдылығы 3440 × 1440 UWQHD
шамасын құрайды, төменгі ажыратымдылық үшін толық экран мүмкіндігіне қолдау көрсетіледі
●
Еңкейту және биіктігін реттеу мүмкіндігі
●
Көру өрісі жетілдірілген, сыртқы оқу қабілеті және көрнекі қабылдау жақсартылған жан-жақты
көру әсерін беретін кең көру бұрышының технологиясы және иілген доға
●
HDMI (High-Denition Multimedia Interface) бейне кірісі
●
DisplayPort бейне кірісі
●
Сандық кірістерде HDCP (High-bandwidth Digital Content Protection) қолданылады
●
Бір кіріс порт және үш шығыс зарядтау порты бар USB 3.0 концентраторы
●
Аудио құлақаспап/ауыстырмалы шығыс ұясы
●
DisplayPort, HDMI және USB Type-B-Type-A кабельдері берілген
●
Амалдық жүйе қолдау көрсетсе, Plug and Play (Қосу және ойнату) мүмкіндігі
●
Экрандық дисплей реттеулерін оңай орнатып, экранды оңтайландыру үшін бірнеше тілде
берілген
●
Монитор драйверлері және өнім туралы құжаттамаларының бағдарламалық құрал мен
құжаттама ықшам дискісі
●
Мониторды қабырғаға бекіту құрылғысына немесе ілгекке тағуға арналған VESA қабырға
кронштейні
●
Қосымша қауіпсіздік кабелінің арналған монитордың артындағы қауіпсіздік кабелі ұяшығын
қамтамасыз ету
●
Толық ауқымды диодты шамдар бар пайдаланушы реттей алатын қоршаған орта жарығы
●
Монитор тұғырындағы ыңғайлы құлақаспаптарды сақтау ілмегі
●
Әрекет ету уақытында компьютер ойыны артықшылықтарын және шынайы әсерді қамтамасыз
ететін, жаңарту жиіліктері жоғары NVIDIA G-SYNC™ технологиясы
–
Тегістілік GeForce GTX орнатылған үстел үсті компьютерінде немесе ноутбугінде экранның
сызылуын жоятын және дисплейдің тұрып қалуын мен кіріс кідірісін барынша азайтатын
дисплейді жаңарту жиіліктерін GPU мәніне синхрондау арқылы қамтамасыз етіледі
–
Көріністер бірден көрінеді, нысандар анығырақ көрінеді және керемет көрнекі әсерді және
едәуір бәсекелес артықшылықты беретін өте бірқалыпты ойын ойнау мүмкіндігі қамтамасыз
етіледі
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік және құқықтық ақпарат алу үшін құжаттама жинағындағы Өнім ескертулері
бөлімін қараңыз. Өнімнің пайдаланушы нұсқаулығының жаңартылған нұсқаларын табу үшін
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз)
қойыншасын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары 3
Comentarios a estos manuales