
ә Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық,
күнделікті қызмет көрсету және жіберу
дайындықтары
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті
қызмет көрсету
Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз:
●
Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық
жерден аулақ ұстаңыз.
●
Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз. Қажетті ауа ағынын қамтамасыз ету үшін
компьютердің барлық ашық тараптары мен монитордың төбесінің аралығында 10,2 cм (4 дюйм)
бос орын қалдырыңыз.
●
Компьютердің желдеткішерін бөгеп, желдетуін азайтып тастамаңыз. Пернетақтаны құралға тым
жақын орналастырмаңыз, желдетуді тежеуі мүмкін.
●
Алынбалы панелінің немесе басқа кеңейту карталарының жапқышын жаппай компьютерді
қолданбаңыз.
●
Компьютерлерді бірі бірінің үстіне үймеңіз немесе бір біріне жақын қоймаңыз, әйтпесе олардың
қайта айналымдағы немесе қызып кететін ыстық ауасы бір біріне әсер етеді.
●
Егер компьютер тұйық жерде қолданылса, ауа соратын желдеткіш қамтамасыз ету керек және
жоғарыдағы нұсқаулықтарды орындау міндет.
●
Компьютер мен пернетақтадан сұйықты қашық ұстаңыз.
●
Монитордың желдеткіш ұяшықтарын ешқандай материалмен жабуға болмайды.
●
Жұмыс жүйесінің немесе басқа бағдарламаның қуат басқару функцияларын орнатыңыз немесе
іске қосыңыз, ұйқы күйін қоса.
●
Келесі қадамдарды жасар алдында компьютерді өшіріңіз:
◦
Компьютердің сыртын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Тазалау өнімдерін
пайдалану салдарынан жабдықтың сыртқы беті түссізденуі немесе зақымдануы мүмкін.
◦
Компьютердің жақтарындағы желдеткіш саңылауларын тазалап отырыңыз. Жүн, шаң, және
басқа бөтен заттар желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.
48 ә қосымшасы Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу
дайындықтары
Comentarios a estos manuales