
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш жады дискісіне жүктеу
туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
(6-бет) бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда, орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз
және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар ағылшын
тілінде ғана беріледі. Жүктеу және HP UEFI қолдау ортасын жасау үшін тек .exe пішіміндегі файлдар
қолданылғандықтан Windows компьютерін пайдалану қажет.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі жолы бар.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу
1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті
көрсетіледі.
2. Загрузить HP Diagnostics UEFI (HP Diagnostics UEFI жүктеу) опциясын және содан кейін Запустить
(Орындау) пәрменін таңдаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек таңдаулы
өнімдерде) жүктеп алу
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жадына өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек
таңдаулы өнімдерде) жүктеу үшін:
1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз.
2. Өнімнің атауы немесе нөмірін енгізіп, компьютер үлгісін, одан кейін операциялық жүйенің түрін
таңдаңыз.
3. Компьютерге қажетті UEFI Diagnostics нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін, Диагностика
бөлімінде берілген экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қолдау орталығына қоңырау шалмас бұрын
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі.
Электр тогының соғуы және/немесе ыстық беттерден күйік алу қаупін азайту үшін электр
розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз және тию алдында ішкі жүйе құрамдастарын суытыңыз.
Егер компьютермен мәселелер бар болса, техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында нақты
мәселені бөлектеу үшін алдыңғы бөлімдерде сипатталған және төмендегі қорытындыланған
шешімдерді қолданып көріңіз.
● Компьютердің артындағы қуат диодты шамының жыпылықтап тұрғанын және компьютерден
шығатын дыбыстық сигналдар сериясын тыңдаңыз. Индикатордың жыпықтауы және/немесе
дыбыстық сигналдар мәселені диагностикалауға көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін,
Руководство по обслуживанию (Техникалық күтім және қызмет көрсету нұсқаулығы) (тек
ағылшын тілінде) құжатын қараңыз.
● Егер экран бос болса, бар болған жағдайда мониторды компьютердің басқа бейне портына
қосыңыз. Не болмаса мониторды дұрыс жұмыс істейтін монитормен ауыстырыңыз.
6 Жұмысқа кірісу
Comentarios a estos manuales