
Бағдарламалық құралдардың мазмұнын жаңарту
Компьютер ұйқы күйінде болған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқы
күйін тұрақты түрде өшіріп тұрады. Smart Connect көмегімен ашық тұрған бағдарламалардың
кейбіреулерінің мазмұндарын жаңартып, ұйқы күйін қайта қосады. Нəтижесінде, ұйқы күйінен
шыққаннан соң жұмысыңызға бірден кірісуге болады. Жаңарту файлдары жүктеліп
орнатылғанша күтіп отыру қажет емес.
▲
Бұл мүмкіндікті өшіруге немесе параметрлерді қолмен реттеуге Intel Smart Connect ашу
үшін, Пуск (Бастау) >
Все программы (Барлық бағдарламалар) > Intel > Технология Intel
Smart Connect (Intel Smart Connect технологиясы) тармақтарын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу жəне қолдау көрсетілетін бағдарламалардың тізімін көру үшін,
бағдарламалық құралдың анықтамасын қараңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады.
Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне
дисплей мен компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
●
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows
өшіру
пəрменін қолдану болып табылады:
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, ұйқы
немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Завершение работы (Жұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану
мүмкін болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
●
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басып, одан кейін экранға шыққан Выключение (Өшіру)
түймешігін басыңыз.
●
Қуат
түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
44 Бап 6 Қуат басқару
Comentarios a estos manuales