
2 Мониторды пайдалану
Бағдарламалық құрал және утилиталар
Төмендегі файлдарды www.hp.com/support мекенжайы бойынша жүктеп алып, компьютерге орнатуға
болады.
●
INF (Ақпарат) файлы
●
ICM (Image Color Matching) файлдары (әрбір калибрленген түс қойындысы үшін бір файл)
●
My Display бағдарламалық құралы
Ақпарат файлы
INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін
Windows® операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын сипаттайды.
Бұл монитор Windows Plug and Play жүйесімен үйлесімді және монитор INF файлын орнатпай-ақ дұрыс
жұмыс істейді. Монитордың «Plug and Play» жүйесімен үйлесімділігі компьютердің графикалық
картасы VESA DDC2 стандартымен үйлесімді болуын және монитордың тікелей графикалық картаға
қосылуын қажет етеді. «Plug and Play» жүйесі жеке BNC коннекторлары немесе тарату буферлері/
қораптары арқылы жұмыс істемейді.
Сурет түстерін сәйкестендіру файлы
ICM файлдары монитор экранынан принтерге немесе сканерден монитор экранына тиісті түстерді
сәйкестеуді қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламалармен бірге пайдаланылатын деректер
файлдары болып табылады. Бұл файл осы функцияны қолдайтын графикалық бағдарламалардың
ішінен іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: ICM түстер профилі Түс жөніндегі халықаралық консорциумның (ICC) профиль пішімі
спецификациясына сәйкес жазылады.
My Display бағдарламалық құралын пайдалану
Оңтайлы көрініс параметрлерін таңдау үшін My Display бағдарламалық құралын пайдалануға болады.
Ойын, фильмдер, фотосурет өңдеу немесе жәй ғана құжаттар мен электрондық кестелерде жұмыс
істеу үшін пайдалана аласыз. Жарықтығы, түсі және контрастылығы сияқты параметрлерді оңай
реттеуге болады.
My Display бағдарламалық құралын жүктеп алған соң ашу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасындағы HP My Display белгішесін басыңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы Windows Start түймесін басыңыз.
2. Барлық бағдарламалар түймесін басыңыз.
Бағдарламалық құрал және утилиталар 13
Comentarios a estos manuales