
Құрамдас бөлшегі Функциясы
10 HDMI порты HDMI кабелін бастапқы құрылғыға жалғайды.
11 HDMI порты HDMI кабелін бастапқы құрылғыға жалғайды.
12 DisplayPort порты DisplayPort кабелін бастапқы құрылғыға жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Зарядтау порты бар USB 3.0 шығыс порты әрі смартфон немесе планшет сияқты құрылғыларды
зарядтау үшін қуат береді. Тіпті қуат түймесі өшірілген болса да, экрандық мәзірде параметрлерді өзгерту
арқылы зарядтау тогын қол жетімді етуге болады. Экрандық дисплейді ашыңыз және Қуатты басқару > Қуат
режимі > Өнімділік тармағын таңдаңыз.
Мониторды реттеу
Мониторды орнатқан кезде сақ болыңыз
Монитордың зақымдалуын болдырмау үшін, СКД экранының бетін ұстамаңыз. Экранға күш түссе,
түстің біркелкілігі немесе сұйық кристалдардың бағыты бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның
қалыпты күйі қалпына келмейді.
Тұғырды орнатқан кезде, мониторды қорғаныш пенопластпен немесе абразивті емес матамен
жабылған тегіс бетке төмен қаратып орналастырыңыз. Бұлай істеу экранның тырналуын, оның бетінің
зақымдалуын немесе сынуын және басқару түймелерінің зақымдалуын болдырмайды.
Монитор тұғырын тағу
ЕСКЕРТУ: Экран сынғыш. Экранға тимеңіз немесе оған қысым түсірмеңіз; бұл зақымдауы мүмкін.
КЕҢЕС: Монитордың орналасуына мән беріңіз, себебі беткі тақтайы айналадағы жарықтан және
жарық беттен кедергі келтіретін шағылысуларды тудыруы мүмкін.
1. Мониторды қорабынан шығарып, бетін төмен қаратып таза, қорғаныш пенопластпен немесе
абразивті емес матамен жабылған тегіс бетке қойыңыз.
2. Тұғырдың үстіндегі кронштейнді кронштейн сырт етіп орнына түскенше монитордың жоғарғы
жағының артындағы ұяға енгізу арқылы тұғырды мониторға тіркеңіз.
4 1-тарау Жұмысқа кірісу
Comentarios a estos manuales