
VESA қабырға кронштейнін тағу
Монитор басын қабырғаға, ілгекке немесе басқа қабырғаға бекіту құралына тағу кезінде қолдану үшін,
монитор жинағына VESA қабырға кронштейні кіреді.
1. Монитор тұғырын шешіңіз. Мәлімет алу үшін Монитор тұғырын алу (9-бет) қараңыз.
2. Монитордың жоғарғы жағының артындағы ортадан бұранданы шешіп алыңыз.
3. VESA кронштейнінің төменгі жағындағы қойыншаны кронштейн сырт етіп орнына түскенше
монитордың жоғарғы жағының артындағы ұяға енгізіп (1), кронштейннің жоғарғы жағын
монитордың жоғарғы жағының ортасына орнатылған бұрандамен бекітіңіз (2).
4. Мониторды ілгекке немесе басқа бекіту құрылғысына тіркеу үшін бекіту құрылғысындағы
тесіктер арқылы төрт бекіту бұрандасын монитордың артына орнатылған VESA кронштейніндегі
бұранда тесіктеріне енгізіңіз.
10 1-тарау Жұмысқа кірісу
Comentarios a estos manuales