
6. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз.
Модуль толығымен енгізілгенін және дұрыс орнатылғанын тексеру арқылы модульді ұяшықтың
ішіне төмен қарай басыңыз. Кертпелердің жабылғанын (3) тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад
ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз.
Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз.
Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең
болатындай толтырыңыз.
7. Кез келген қосымша модульді орнату үшін, 6-қадамды қайталаңыз.
8. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
9. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. Компьютер қосымша
жадты автоматты түрде тануы тиіс.
10. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
Кеңейту картасын алу немесе орнату
Компьютерде бір PCI Express x4 кеңейту ұяшығы және бір PCI Express x16 кеңейту ұяшығы бар.
ЕСКЕРТПЕ: PCI Express ұяшықтары тек қана төмен профайл кәртішкелеріне қолдау көрсетеді.
PCI Express x1, x4, x8, немесе x16 кеңейту карталарын PCI Express x16 ұяшығына орнатуға болады.
Екі графикалық карта конфигурациясы үшін, алғашқы (негізгі) картаны PCI Express x16 ұяшығына
орнату керек.
Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін:
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
14 2-тарау Құрылғы жаңартулары
Comentarios a estos manuales