
11. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты дискінің артына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы аппараттық құралға арналған деректер кабелі кез келген аппараттық
құралдың жұмысына ақаулықтар туғызбас үшін жүйе тақтасындағы SATA0 деп таңбаланған
қоңыр көк қосқышқа жалғануы қажет.
12. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
13. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз.
14. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
15. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
M.2 SSD жад картасын алу және орнату
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер 2230 және 2280 M.2 SSD карталарын қолдайды.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамас үшін
компьютерді ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Алдыңғы жапқышты алыңыз.
28 2-тарау Құрылғы жаңартулары
Comentarios a estos manuales