
Мониторды реттеу
Монитор тақтасын көз деңгейіне ыңғайлы етіп орнату үшін, оны алға немесе артқа еңкейтіңіз.
Мониторды қосу
1. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Алдыңғы жағындағы қуат түймесін басып мониторды қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір статикалық
кескінді көрсетудің нəтижесінде орын алуы мүмкін.*Монитор экранында мұндай зақымдалуды
болдырмау үшін экран сақтағышын қосу керек немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
мониторды өшіру керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай. HP
кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
* Ұзақ
уақыт кезеңі болып 12 сағат қатар пайдаланбау табылады.
ЕСКЕРІМ: Қуат түймесін басқанда ештеңе болмаса, қуат түймесін құлыптау мүмкіндігі
қосылған болуы мүмкін. Осы мүмкіндікті өшіру үшін монитордың қуат түймесін 10 секунд басып
тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Экрандық мəзірдегі қуаттың жарық диодын өшіруге болады. Монитор алдындағы
Мəзір түймесін басып, Басқару > Алдыңғы тақта қуатының жарық диоды > Өшіру
параметрлерін таңдаңыз.
Мониторды реттеу 5
Comentarios a estos manuales