
Вебторап арқылы жүктеу
Егер компьютердің немесе негізгі құрылғының оптикалық диск жетегі болмаса, HP мониторларына
қолдау көрсету веб-сайтынан INF және ICM файлдарының ең соңғы нұсқаларын жүктеп алуға болады.
1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы және драйверлерді алу пәрменін таңдаңыз.
3. Мониторыңызды таңдау және бағдарламалық құралды жүктеу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Picture-in-Picture (PIP) және Picture-beside-Picture (PBP)
көрінісін пайдалану
Бұл монитор бір көз басқа көздің үстінде қабаттасып тұратын PIP көрінісі мен бір көз екінші көзбен
іргелес орналасатын PBP көрінісін қолдайды (көлденеңінен (альбомдық бағыт үшін) немесе тігінен
(кітаптық бағыт үшін).
PIP немесе PBP көрінісін пайдалану:
1. Мониторға екінші кіріс көзін жалғаңыз.
2. Түймешіктерді белсендіру үшін тақтадағы бес түйменің біреуін басыңыз, сосын экран дисплейін
ашу үшін төменгі Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
3. Экран дисплейінде Управление PIP (PIP басқару) > Включение/выключение PIP (PIP Қосу/Өшіру)
опциясын таңдаңыз, сосын Picture-in-Picture немесе Picture-beside-Picture көріністерінің бірін
таңдаңыз.
4. Монитор жарамды кіріс үшін екінші кірістерді сканерлейді және кірісті PIP/PBP суреті үшін
пайдаланады. Егер PIP/PBP кірісін өзгерткіңіз келсе, экран дисплейіндегі Вход PIP (PIP кірісі)
опциясын, сосын қалаған кірісті (DisplayPort, DVI, немесе HDMI) таңдаңыз.
5. PIP көрінісінің өлшемін өзгерткіңіз келсе, экран дисплейінен Размер PIP (PIP өлшемі) опциясын
таңдап, Большой (Үлкен) немесе Маленький (Шағын) өлшемді таңдаңыз.
6. PIP көрінісінің бағытын реттегіңіз келсе, экран дисплейінен Положение PIP (PIP бағыты)
опциясын, сосын Левый верхний (Жоғарғы сол жақ), Сверху справа (Жоғарғы оң жақ), Снизу
слева (Төменгі сол жақ) немесе Снизу справа (Төменгі оң жақ) бағытын таңдаңыз.
DisplayPort көп ағынын пайдалану
DisplayPort портын бастапқы бейне кірісінің көзі ретінде пайдалансаңыз, тізбекті конфигурацияда
жалғанған басқа DisplayPort мониторларына көп ағын жібере аласыз. Егер графикалық карта қолдаса,
төрт мониторға дейін жалғауға болады.
DisplayPort көп ағынын пайдалану үшін:
1. Бастапқы бейне кірісіңіз үшін DisplayPort пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
24 4-тарау Мониторды пайдалану
Comentarios a estos manuales