Бірнеше монитор пайдалануды оңтайландыру
Бірнеше монитор пайдалануды оңтайландыру мақсатында калибрленген түс кеңістігін іске қосу үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. Түймелерді белсендіру үшін алдыңғы тақтаның оң жағындағы бес түйменің кез келгенін
басыңыз.
2. Цветовое пространство (Түс кеңістігі) функция түймесін басыңыз немесе Открыть меню (Мәзірді
ашу) түймесін басып, мәзірден Цветовое пространство (Түс кеңістігі) опциясын таңдаңыз.
3. Түс кеңістігі мәзірінде калибрленген түс кеңістігін (sRGB, AdobeRGB немесе BT.709) таңдаңыз.
Қараңғы ортада жұмыс істеу кезінде, монитор жарықтығын
реттеу
Оңтайлы қолайлылыққа арналған болжамды жарықтық балансын орнату үшін, қоршаған орта
жарықтығы негізінде монитордың жарықтығын реттеу керек.
1. Түймелерді белсендіру үшін алдыңғы тақтаның оң жағындағы бес түйменің кез келгенін
басыңыз.
2. Яркость (Жарықтық) функция түймесін басыңыз немесе Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін
басып, мәзірден Цветовое пространство (Түс кеңістігі) > Регулировка яркости (Жарықтықты
реттеу) тармағын таңдаңыз.
3. Жарықтықты реттеу мәзірінде Установить значение яркости (Жарықтық мәнін орнату) опциясын
таңдап, қоршаған орта үшін монитор жарықтығын реттеңіз.
Тақта түймесінің функцияларын өзгерту
Жоғарғы деңгейдегі алдыңғы тақта түймесінің функцияларын әдепкі мәндерінен түймелер
белсендірілген кезде әдетте пайдаланылатын мәзір тармақтарын жылдам аша алатындай етіп өзгерте
аласыз.
Тақта түймесінің функцияларын өзгерту үшін:
1. Түймешіктерді белсендіру үшін тақтадағы бес түйменің біреуін басыңыз, сосын экран дисплейін
ашу үшін төменгі Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз.
2. Экран дисплейінде Меню и управление сообщениями (Мәзірді және хабарды басқару) >
Настроить функциональные кнопки (Функция түймелерін конфигурациялау) опциясын
таңдаңыз, сосын қайта конфигурациялағыңыз келген түйменің қол жетімді опцияларының бірін
таңдаңыз.
Тақта түймесінің диодты шамдарын реттеу
Тақта түймесінің диодты шамдарында әдепкі параметр бойынша іске қосылған автоматты түрде өшу
мүмкіндігі бар. Диодты шамдар экран дисплейінің күту уақыты өткен соң өшеді. Диодты шамдарды
өшпейтіндей етіп орната аласыз және өшу мүмкіндігі ажыратылған кезде диодты шамдардың
жарықтығын да реттей аласыз.
Тақта түймесінің өшу мүмкіндігін ажырату үшін:
26 4-тарау Мониторды пайдалану
Comentarios a estos manuales