
9. Дискінің артындағы босату ілгегін сыртқа қарай тартып (1), дискіні тоқтағанша артқа қарай
сырғытып, диск саңылауынан төмен қарай тартып шығарыңыз (2).
10. Жаңа диск орнататын болсаңыз, 2,5 дюймдік қатты дискіні орнату (34-бет) қараңыз. Жаңа
жетек орнататын болмасаңыз, жетек ұясын төсен қарай бұрып, алынбалы панельді
ауыстырыңыз.
2,5 дюймдік қатты дискіні орнату
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып
тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
34 2-тарау Құрылғы жаңартулары
Comentarios a estos manuales