
Жеткізуге дайындау
Компьютерді жіберуге дайындық барысында мына ұсыныстарды орындаңыз:
1. Қатты драйвтағы файлдарды PD дискілеріне, жазба картриждеріне, CD-ларға немесе USB флэш
драйвына сақтаңыз. Сақтаушы медиалардың электрлік немесе магниттік соққыларға
ұшырамауын қадағалаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қатты драйв жүйе қуаты өшірілгенде автоматты түрде бекітіледі.
2. Барлық алынбалы медианы алып тастаңыз.
3. Компьютерді және басқа сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан, одан кейін компьютерден ажыратыңыз.
5. Жүйе компоненттерін және сыртқы құрылғыларды қуат көздерінен, одан кейін компьютерден
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді жібергенге дейін барлық тақталардың дұрыс орналасқанын және
тақта ұяшықтарына дұрыс қондырылғанын тексеріңіз.
6. Жүйе компоненттері мен сыртқы құрылғыларды қорғау үшін, оларды өз қораптарына немесе
оларға ұқсас орам материалдары жеткілікті қораптарға салыңыз.
Жеткізуге дайындау 51
Comentarios a estos manuales