
VGA (қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту порты құрылғысы)
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы
VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады.
1. VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін компьютерге жалғанған қосымша қондыру
құрылғысындағы немесе кеңейту порты құрылғысындағы сыртқы монитор портына жалғаңыз.
2. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді
тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан
панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару
тақтасы) пәрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) пәрменін
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу)
параметрін таңдаңыз.
DisplayPort (қосымша қондыру құрылғысы арқылы)
DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе
дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына
жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі жоғары болып,
сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын DisplayPort арқылы жіберу үшін, DisplayPort
кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша қондырма құрылғысындағы DisplayPort портына бір DisplayPort құрылғысын
жалғауға болады. Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде DisplayPort құрылғысында да
көрсетіледі.
KKWW Бейне 31
Comentarios a estos manuales