
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді
жоюға болмауы мүмкін.
DriveLock басты құпия сөзі*DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға
қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске
қосу кезінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін
орнатпас бұрын BIOS әкімші
құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі*DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске
қосу кезінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS әкімші
құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздердің әрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS әкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS әкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе
көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Setup BIOS
Administrator Рassword (BIOS әкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter
пернесін басыңыз.
4. Сұралғанда, құпия сөзді теріңіз.
5. Сұралғанда, растау үшін жаңа құпия сөзді қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі
) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу)
пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту
52 9-тарау Қауіпсіздік KKWW
Comentarios a estos manuales