
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын қосымша қондырма құрылғысындағы DisplayPort портына
жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты өндіруші
нұсқауларынан қараңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы
кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан
панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару
тақтасы) пәрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) пәрменін
таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу)
параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны қосымша қондырма құрылғысынан ажыратуға қосқышты
босату түймешігін басыңыз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді
табу және оларға қосылу
MultiStream Transport (MST) компьютердегі VGA немесе Дисплей порттарына, әрі сыртқы хабтағы
немесе қондырма станциясындағы VGA немесе Дисплей порттарына жалғап, бірнеше сымды дисплей
құрылғыларын компьютерге жалғау мүмкіндігін береді. Компьютерде орнатылған графикалық
контроллер түріне немесе компьютерде орнатылған хабтың болуына қарай, байланысты бірнеше
жолмен орнатуға болады. Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру Құрылғы
Менеджері бөлімін қараңыз.
32 5-тарау Мультимедиа KKWW
Comentarios a estos manuales