HP EliteBook Folio 1020 G1 Base Model Notebook PC Manual de usuario Pagina 61

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 99
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 60
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер
Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің
Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады.
Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Автоматты DriveLock құпия сөздері Computer Setup утилитасында
қосылады.
Windows құпия сөздері Windows амалдық жүйесінде ғана орнатылады.
Егер HP SpareKey бұрын орнатылған болса және Computer Setup құралындағы BIOS әкімшісінің
құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, құралға HP SpareKey арқылы кіруіңізге болады.
Егер DriveLock қолданушы құпия сөзі мен Computer Setup құралының DriveLock негізгі құпия
сөзінің екеуін де ұмытып қалсаңыз, осы құпия сөздермен қорғалған қатты диск мүлдем жабылып
қалады және оларды қолдану ары қарай мүмкін
болмайды.
Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының мүмкіндігі үшін және Windows қауіпсіздік мүмкіндігі
үшін пайдалануға болады. Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының бірнеше мүмкіндігі үшін
пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін төмендегі кеңестерді ісіңізде сақтаңыз:
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз
және Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер реттегіші) құралын веб-
тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың барлығы үшін пайдаланушы аттары мен құпия
сөздерін сақтау мақсатымен пайдаланыңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды қауіпсіз
оқуыңызға болады.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде әдетте қолданылатын Windows және BIOS әкімшісінің құпия сөздерінің тізімі
берілген
және олардың функциялары сипатталған.
Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі*Windows әкімші есептік жазбасына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows әкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
әкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушы құпия сөзі*Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды.
*Windows әкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы
ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау
экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
KKWW Құпия сөздерді пайдалану 51
Vista de pagina 60
1 2 ... 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 ... 98 99

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios