HP ENVY 7643 e-All-in-One Printer Manual de usuario Pagina 128

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 212
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 127
«Факспен телефон сымының дұрыс түрін пайдалану» сынағы орындалмады
Принтермен бірге қорапта берілген телефон сымын телефон ұясына қосу үшін қолданғаныңызды
тексеріңіз. Телефон сымының соңғы ұшын принтердің артқы жағында таңбаланған 1-LINE
портына және екінші ұшын суретте көрсетілгендей телефон ұясына қосу қажет.
1 Телефон ұясы
2 Принтермен бірге қорапта берілген телефон сымын «1-LINE» портына қосу үшін пайдаланыңыз.
Принтермен бірге берілген сым жеткілікті ұзын болмаса, ұзындығын ұзарту үшін екі сымды
телефон желісінің жалғастырғышын пайдалануға болады. Жалғастырғышты телефон керек-
жарақтарымен айланысатын электрондық дүкендерден сатып алуға болады.
Телефон сымының қауіпсіз екенін тексеру үшін, принтер мен телефон ұясы арасындағы
байланысды тексеріңіз.
Принтермен бірге келген телефон сымын пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз. Телефон
ұясынан принтерге жалғау үшін телефон сымы пайдаланылмаса, факстарды жібере де,
қабылдай да алмайсыз. Принтермен бірге келген телефон сымын жалғағаннан кейін факсты
тексеруді қайта іске қосыңыз.
Телефон сплиттерін пайдаланып отырсаңыз, факс аппаратында ақау пайда болуы мүмкін.
(Сплиттер — телефон ұясына жалғайтын екі сымды қосқыш.) Сплиттерді алып тастап, телефон
ұясына принтерді тікелей қосып көріңіз.
«Теру сигналын анықтау» сынағы орындалмады
Принтер сияқты бірдей телефон сымын қолданатын басқа жабдық сынақтың орындалмауына
әкелуі мүмкін. Ақауды басқа жабдықтың туғызатынын тексеру үшін, телефон желісінен
барлығын ажыратып, сынақты қайта іске қосыңыз. Басқа жабдықсыз Теру сигналын анықтауды
тексеру орындалса, жабдықтың бір немесе бірнеше бөліктері ақауларды туғызған болуы мүмкін;
жабдықтың қайсы бөлігі ақауға әкелетінін анықтау үшін, әрбір бөлікті бөлек уақытта артқы
жағына қосып, әрбір уақытта сынақты қайтадан іске қосып көріңіз.
Жұмыс телефоны мен телефон сымын принтер үшін қолданылатын телефон ұясына қосуға
әрекет жасап, теру сигналын тексеріңіз. Теру сигналын естімесеңіз, телефон корпорациясымен
байланысып, желіні тексерткізіңіз.
Принтердің телефон ұясына дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Принтермен бірге берілген қораптағы
телефон сымын пайдаланып бір ұшын телефон ұясына қосыңыз, одан кейін екінші ұшын
принтердің артындағы таңбаланған 1-LINE портына қосыңыз.
122 9-тарау Мәселені шешу KKWW
Vista de pagina 127
1 2 ... 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 ... 211 212

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios