
Факс параметрлерін өзгерту
Принтермен бірге берілген жұмысты бастау нұсқаулығында қадамдарды орындауды аяқтағаннан
кейін, факс үшін бастапқы параметрлерді өзгерту немесе басқа параметрлерді теңшеу үшін келесі
қадамдарды орындаңыз.
●
Факстың тақырыпшасын теңшеу
●
Жауап беру күйін (автоматты түрдегі жауап) орнату
●
Жауап бермес бұрын қоңыраулардың санын орнату
●
Арнайы қоңырау үшін қоңырауға жауап беру үлгісін өзгерту
●
Теру түрін орнату
●
Қайта теру параметрін орнату
●
Факс жылдамдығын орнату
●
Факс дыбысының деңгейін орнату
Факстың тақырыпшасын теңшеу
Факстың тақырыпшасы жіберілетін әрбір факстың жоғарғы жағында атауды және факс нөмірін басып
шығарады. HP корпорациясы принтермен бірге берілген НР бағдарламалық құралын қолдану арқылы
факс тақырыпшасын орнатуды ұсынады. Осы жерде сипатталғандай принтердің басқару тақтасын
қолдану арқылы да факс тақырыпшасын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір елдерде/аймақтарда факс тақырыпшасының мәліметтері заңмен талап етіледі.
Факс тақырыпшасын орнату немесе өзгерту
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Теңшеу түймесін басыңыз.
2. Факсты орнату түймесін, одан кейін Басымдықтар басыңыз.
3. Заголовок факса (Факс тақырыбы) түймесін басыңыз.
4. Жеке немесе компания атын енгізіп, Дайын түймесін басыңыз.
5. Факс нөмірін енгізіп, Дайын басыңыз.
Жауап беру күйін (автоматты түрдегі жауап) орнату
Жауап беру күйі принтердің кіріс қоңырауларына жауап беретінін не жауап бермейтінін тексереді.
●
Авто жауап беру параметрін принтердің факстарға автоматты түрде жауап беруін қалаған кезде
қосыңыз. Принтер барлық кіріс қоңырауларына және факстарға автоматты түрде жауап береді.
●
Авто жауап беру параметрін принтердің факстарды қолмен қабылдап алуын қалаған кезде
ажыратыңыз. Кіріс факс қоңырауына өзіңіз жауап беру керексіз, әйтпесе принтер факстарды
қабылдап алмайды.
KKWW Факс параметрлерін өзгерту 65
Comentarios a estos manuales