
2. Жад құрылғысын енгізіңіз.
3. Сканерлеу түймесін басып, Устройство памяти (Жад құрылғысы) тармағын таңдаңыз.
4. Қажет болғанда, сканерлеу параметрлеріне өзгертулер енгізіңіз.
5. Сканерлеуді бастау басыңыз.
Электрондық поштаға сканерлеу
Scan-to-Email App - фотосуреттерді немесе құжаттарды HP e-All-in-One принтерінен тікелей
сканерлеуге және көрсетілген алушыларға электрондық хабармен жіберуге мүмкіндік беретін
бағдарлама. Электрондық пошта мекенжайын орнатуыңызға, тіркелгілеріңізге берілген PIN кодтармен
кіріп, құжаттарыңызды сканерлеуге және электрондық хабар жіберуіңізге болады.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
●
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату
●
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін пайдалану
●
Тіркелгі параметрлерін өзгерту
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігін орнату үшін
1. Scan (Сканерлеу) түймесін түртіңіз, содан соң Email (Электрондық пошта) түймесін түртіңіз.
2. Сәлемдесу терезесінде Жалғастыру түймесін түртіңіз.
3. Электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін Электрондық пошта: жолағын түртіп, Дайын
түймесін түртіңіз.
4. Жалғастыру түймесін түртіңіз.
5. PIN енгізілген электрондық пошта мекенжайына жіберілетін болады. Жалғастыру түймесін
түртіңіз.
6. PIN кодты енгізу үшін PIN жолағын түрітп, Дайын түймесін түртіңіз.
7. Принтердің кіру ақпаратын сақтау жолына байланысты Электрондық поштаны сақтау немесе
Автоматты кіру түймесін түртіңіз.
8. Фотосурет немесе Құжат түймесін түрте отырып сканерлеу түрін таңдаңыз.
9. Фотосуреттер үшін сканерлеу параметрлерін таңдап, Жалғастыру түймесін түртіңіз.
Құжаттар үшін келесі қадаммен жалғастырыңыз.
KKWW Сканерлеу 45
Comentarios a estos manuales