
Байланыс түрін өзгерту
HP принтерінің бағдарламалық құралын орнатқаннан және принтерді компьютерге немесе желіге
қосқаннан кейін, байланыс түрін өзгерту (мыс., USB байланысынан сымсыз байланысқа) үшін
бағдарламалық құралын қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Ethernet кабелін қоссаңыз, принтердің сымсыз байланыс мүмкіндігін өшіреді.
Ethernet байланысынан сымсыз байланысқа өзгерту (Windows)
1. Ethernet кабелін принтерден ажыратыңыз.
2. Орнатымнан кейін принтердің бағдарламалық құралын ашыңыз.
Сымсыз байланыс орнату үшін Сымсыз байланыс орнату шеберін іске қосыңыз.
USB байланысын сымсыз желіге өзгерту (Windows)
Жалғастырмас бұрын Бастамас бұрын (87-бет) бөліміндегі тізімді қараңыз.
1. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
●
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз да, Қызметтік бағдарламалар түймесін басыңыз.
●
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, Қызметтік бағдарламалар түймесін
басыңыз.
●
Windows XP, Windows Vista және Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінде Пуск (Бастау)
түймесін басыңыз, Все программы (Барлық бағдарламалар) белгішесін таңдаңыз, HP
түймесін басып, принтердің қалтасын басыңыз.
2. Принтерді және бағдарламалық жасақтаманы орнату параметрін таңдаңыз.
3. Изменить USB-подключение принтера на беспроводное (Принтердің USB қосылысын сымсыз
қосылысына ауыстыру) тармағын таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB немесе Ethernet байланысынан сымсыз байланысқа өзгерту (OS X)
Жалғастырмас бұрын Бастамас бұрын (87-бет) бөліміндегі тізімді қараңыз.
1. Принтерді сымсыз желіге қосыңыз.
2. Жүйе параметрлері ашыңыз.
3. Операциялық жүйеге байланысты Print & Fax (Басып шығару, Факс), Басып шығару, сканерлеу
және факс түймесін немесе Аппараттық құрал бөліміндегі Принтерлер және сканерлер түймесін
басыңыз.
4. Сол жақ бөліктегі принтерді таңдап, тізімнің төменгі жағындағы - басыңыз. Егер ағымдағы
байланыста бар болса, факс жазбасы үшін осы әрекетті орындаңыз.
5. HP қызметтік бағдарламасы ашыңыз.
HP қызметтік бағдарламасы белгішесі Hewlett-Packard қалтасында орналасады, ол қатты
дискінің жоғарғы деңгейінде Приложения (Бағдарламалар) қалтасында болады.
6. Құрылғылар > HP автоматты сымсыз қосылу тармағын таңдап, сұрауларды орындаңыз.
88 8-тарау Принтерді жалғау KKWW
Comentarios a estos manuales