
Техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар
Монитордың жұмысын жақсарту жəне оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін:
●
Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге əрекет жасамаңыз. Пайдалану
жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор
дұрыс жұмыс
істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға
немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.
●
Бұл монитор үшін тек монитордың жапсырмасында немесе артқы тақтасында көрсетілген
тиісті қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз.
●
Электр розеткасына қосылатын құрылғылардың жалпы
номиналды тогы розетканың
номиналды тогынан аспауы керек жəне қуат сымына қосылған құрылғылардың жалпы
номиналды тогы қуат сымының номиналды көрсеткішінен аспауы керек. Əрбір құрылғының
номиналды тогын (ампер немесе А) анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз.
●
Мониторды оңай қол
жеткізуге болатын розетканың жанына орнатыңыз. Мониторды ашаны
берік ұстап, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Ешқашан мониторды сымынан тартып
ажыратпаңыз.
●
Пайдаланбаған кезде мониторды өшіріңіз. Экран сақтағыш бағдарламасын пайдалану жəне
пайдаланылмаған кезде мониторды өшіріп қою арқылы монитордың жұмыс
істеу мерзімін
айтарлықтай арттыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
●
Корпустағы ойықтар мен тесіктер желдетуге арналған. Бұл тесіктерді бітеуге немесе
жабуға болмайды. Корпус ойықтарына немесе басқа тесіктерге ешқашан ешқандай зат
салмаңыз.
●
Мониторды түсіріп алмаңыз немесе тұрақсыз бетке қоймаңыз.
●
Қуат сымының үстіне ештеңе
қоймаңыз. Сымды баспаңыз.
●
Мониторды жақсы желдетілетін жерде, шамадан тыс жарықтан, жылудан немесе ылғалдан
алыста ұстаңыз.
●
Монитор тірегін шығарғанда, оның бетінің тырналуын, зақымдалуын немесе бұзылуын
болдырмау үшін мониторды бетін төмен қаратып жұмсақ бетке қою керек.
Мониторды тазалау
1. Мониторды өшіріңіз жəне құрылғының артынан қуат сымын ажыратыңыз.
2. Монитордың экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз.
3. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің
қоспасын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап сүртіңіз.
Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп,
электрониканы зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Монитордың экранын немесе корпусын тазалау үшін бензин, сұйылтқыш немесе
қандай да ұшпа зат сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған тазалағыш заттарды қолданбаңыз.
Бұл химиялық заттар мониторды зақымдауы мүмкін.
4
2-тарау Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар
Comentarios a estos manuales