HP DreamColor Z27x Studio Display Manual de usuario Pagina 39

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 72
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 38
ЕСКЕРТПЕ: Настройка яркости (Жарықтығын реттеу) опциясы ағымдағы жарықтық шамасын
мəзір опциясының оң жағынан көрсетеді.
Z27x үлгісінің кескінді реттеу опцияларын түсіну
Z27x үлгісінде кескінді реттеу үшін қолданылатын бірнеше арнаулы опциялар ұсынылған, олар
белгілі бері медиа жəне ойын-сауық өндірісіндегі жұмыстарды орындауға жарамды. Келесі
бөлім сол функцияларды осы жұмыстарды орындау тұрғысынан түсініктеме береді.
Видео деңгейлерін қолдану (16235)
Бұл опция тиісті видео сигналдарды жоғары дəлдікпен көрсету мүмкіндігін қолдайды, оған
қарадан төмен төменгі аймақ пен ақтан жоғары жоғарғы аймақ жатады. Сигналдардың мұндай
түрлері əдетте ITU-R BT.709 стандартына сай видео сигналдармен жұмыс істегенде кездеседі,
себебі
бұл стандарт қара мен ақты абсолюттік шек деп санаудың орнына, қара мен ақтан тыс
аумаққа шығу мүмкіндігін береді.
Бұл сигналдар əдетте келесі жағдайларда кездеседі:
HDMI немесе HD-SDI шығысын сыртқы көздерден жазылған видео немесе AJA Kona
немесе Blackmagic Design DeckLink сияқты ойнату
карталары арқылы көргенде
Кескінді сызықсыз видео жөндеу бағдарламасындағы Құрастырғыш/Жөндеу/Шолу терезесі
арқылы көргенде
Blu-Ray/DVD ойнатқышын тұтынатын шығыс арқылы көргенде
Бұл жағдайлардың барлығында видео сигнал əдетте BT.709 жоғарғы аймақ пен
төменгі
аймақты қамтиды. Егер бұл опция қосылмаса, компьютер арқылы көргенде, қара нəрселер мен
көлеңкелер ақшылдау, ақ нəрселер қошқылдау болып көрінеді жəне түстер қанықтылығы
сигналдың əдеттегі құрамынан азырақ болады.
Бұл опция
қосылғанда, қара 16 биттің 8 биттік шамасына шектеледі, ал ақ 235 биттің 8 биттік
шамасына шектеледі (10 бит үшін шектеу 64 жəне 960 шамаларында орын алады). Одан кейін
дұрыс визуалды аумақта көрсетілу үшін сигнал қайта жасақталады.
Сигнал көзі мен сигнал видеосын алдын ала өңдеу
бұл функцияның қосу қажеттілігі бар-
жоғына əсер ететінін ескерткен жөн, бірақ көп жағдайларда бұл оцпия қосылғанда бейне
көрсетілімі анығырақ болады. Бұл параметрді қосқаннан кейін жөндеу қолданбаңыздың
интерфейсінің жарықтығын бейімдеу қажет
болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Видео деңгейлерін қолдану үшін:
1. Алдыңғы тақтадағы кез-келген түймені басыңыз.
2. Экрандық мəзірді ашу үшін төменгі Открыть меню (Мəзірді ашу) түймесін басыңыз.
3. Реттеу опцияларының экранын ашу үшін Настройка
изображения (Кескінді реттеу)
пəрменін басыңыз.
4. Вверх/вниз (Жоғары/төмен) түймелерін қолданып, Использование видео уровней (Видео
деңгейлерін қолдану) тармағын ашыңыз, одан кейін оны іске қосу үшін Выбрать (таңдау)
түймесін басыңыз. Бұл опцияны қосқанда құ
сбелгі қойылады.
Жақтаудың қолданыстан тыс аймағы
Бастапқы параметрлері бойынша Z27x үлгісі кескіннің барлық пиксельдерін көрсетеді,
күнделікті видео материалдарын қарағанда немесе жөндегенде кескінді көрсету аймағынан
Z27x үлгісінің кескінді реттеу опцияларын түсіну
31
Vista de pagina 38
1 2 ... 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 ... 71 72

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios