HP DreamColor Z27x Studio Display Manual de usuario Pagina 35

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 72
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 34
4
Мониторды пайдалану
Бағдарламалар жəне утилиталар
Монитормен бірге берілетін дискіде компьютерге орнатуға болатын файлдар бар:
.INF (Ақпарат) файлы
ICM (Image Color Matching) файлдары (əрбір калибрленген түс қойындысы үшін бір файл)
Z27x веб интерфейсі арқылы қашықтан басқаруға арналған клиент жəне сервер
серфикаттары
Linux, Windows жəне Mac жүйелеріне арналған Z27x USB компьютерік
бағдарлама
жасақтау жинағы (SDK)
StudioCal XML калибрация файлдарының үлгілері
ЕСКЕРТПЕ: Егер монитормен бірге дискі берілмесе, жоғарыда берілген элементтерді HP
компанясының мониторларға қолдау көрсету веб-сайтынан жүктеп алуға болады. Осы
тараудағы
Интернеттен жүктеу (28-бет) бөлімін қараңыз.
Ақпарат файлы
.INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету
үшін Microsoft Windows операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын
сипаттайды.
Бұл монитор Microsoft Windows Plug and Play жүйесімен үйлесімді жəне монитор .INF файлын
орнатпай-ақ дұрыс жұмыс істейді. Монитордың «Plug and Play» жүйесімен үйлесімділігі
компьютердің графикалық картасы VESA DDC2 стандартымен үйлесімді болуын
жəне
монитордың тікелей графикалық картаға қосылуын қажет етеді. «Plug and Play» жүйесі жеке
BNC коннекторлары немесе тарату буферлері/қораптары арқылы жұмыс істемейді.
Сурет түстерін сəйкестеу файлы
.ICM файлдары монитор экранынан принтерге немесе сканерден монитор экранына тиісті
түстерді сəйкестеуді қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламалармен бірге
пайдаланылатын деректер файлдары болып табылады. Бұл файл осы функцияны қолдайтын
графикалық бағдарламалардың ішінен іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: ICM түстер профилі Түс жөніндегі халықаралық консорциумның (ICC) профиль
пішімі спецификациясына сəйкес жазылады.
.INF жəне .ICM файлдарын орнату
Жаңарту қажет болғанда, .INF жəне .ICM файлдарын дискіден орнатуға немесе оларды жүктеп
алуға болады.
Дискіден орнату
.INF жəне .ICM файлдарын компьютерге дискіден орнату үшін:
Бағдарламалар жəне утилиталар
27
Vista de pagina 34
1 2 ... 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 ... 71 72

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios