
●
Photo Research PR-740/745 SpectraScan спектрорадиометр
●
Konica Minolta CA-310 Display Color Analyzer түс өлшегіш
Осы құралдарға кеңес етілген теңшелім бойынша
HP DreamColor Z27x
кеңейтілген
пайдаланушы нұсқаулығын немесе Калибрлеудің озық əдістері құжаттамасын қараңыз.
HP DreamColor калибрлеу құралын HP.com жəне HP таратушылары арқылы алуға болады. Басқа
құралдардың бағасы мен қол жетімділігі туралы өндірушілерге хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Z27x үлгісіне байланыс USB арқылы жасалғандықтан, Photo Research жəне Konica
Minolta құрылғыларында USB қосқышы болуы тиіс, ол кейбір үлгілерде қосымша ретінде
беріледі.
Калибрлеудің екі əдісінің қолдауы бар:
●
Экран мəзіріне негізделген калибрлеу
●
HP StudioCal XML құралына негізделген калибрлеу
Бұл пайдаланушы нұсқаулығы экрандық мəзірге негізделген калибрлеуді ғана қамтиды. XML
негізіндегі опция туралы ақпарат бойынша
HP DreamColor Z27x
кеңейтілген пайдаланушы
нұсқаулығын немесе Калибрлеудің озық əдістері құжаттамасын қараңыз.
Калибрлеуге əзірлік
Калибрлеу үшін, Z27x ішкі процессоры қосылып тұруы қажет. Energy Star 6.0 қуат үнемдеу
талаптарына жауап беру үшін, ішкі процессор зауытта қосылған.
Z27x ішкі процессорын қосу үшін:
1. Түймелердің таңбаларын көрсету үшін, тақтадағы бес түйменің біреуін басыңыз, содан
кейін экран дисплейін ашу
үшін төменгі "Мəзірді ашу" түймесін басыңыз.
2. Экран мəзірінен Управление (Басқару) > Управление внутренним процессором (Ішкі
процессорды басқару) пəрмендерін таңдаңыз.
3. Процессорды қосу үшін, Включить (Қосу) пəрменін, одан кейін Выбрать (Таңдау) түймесін
басыңыз.
4.
Экран мəзірінен шығу үшін Выйти (Шығу) пəрменін басыңыз.
Қосылған соң, калибрлеуді бастауға дейін, процессор толығымен қосылғанша бір минут күтіңіз.
ЕСКЕРТУ: Калибрлеуді қараңғы бөлмеде орындауға кеңес береміз. Монитордың жарықпен
шағылысуы калибрлеу дəлдігіне жағымсыз əсер етеді.
54
4-тарау Мониторды пайдалану
Comentarios a estos manuales