
3
Мониторды орнату
Мониторды орнату үшін монитордың, компьютер жүйесінің жəне басқа да қосылған
құрылғылардың қуаттан ажыратылғанына көз жеткізіп, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Монитордың артқы панелінде орналасқан негізігі қосу түймесінің өшірілгенін
қадағалаңыз. Негізгі қосу түймесі мониторға келетін барлық қуат көзін өшіреді.
Мониторды орнатқан кезде сақ болыңыз
Монитордың зақымдалуын болдырмау үшін сұйық кристалдық панельдің бетін ұстамаңыз.
Панельге қысым түссе, түстің біркелкілігі немесе сұйық кристалдардың бағыты бұзылуы
мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі қалпына келмейді.
Тіректі орнатқан кезде, мониторды қ
орғаныш пенопластпен немесе абразивті емес матамен
жабылған тегіс бетке бетін төмен қаратып қойыңыз. Бұлай істеу экранның тырналуын, оның
бетінің зақымдалуын немесе сынуын жəне алдыңғы тақтадағы түймелердің зақымдалуын
болдырмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Мониторыңыз бұл суреттегі монитордан өзгеше болуы мүмкін.
Тұғырды орнату
ЕСКЕРТУ: СКД тақтасының бетін ұстамаңыз. Панельге қысым түссе, түстің біркелкілігі немесе
сұйық кристалдардың бағыты бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі
қалпына келмейді.
Мониторды жеңіл орнатып, жеңіл шешу үшін, HP Quick Release 2 орамы қолданылады Панельді
тұғырға орнату үшін:
1. Монитордың бетін төмен қаратып таза, құрғақ матамен жабылған тегіс бетке қойыңыз.
2. Тұғырдың тіреуіш тақтайшасын (1) панелдің артындағы саңылаудың үстіңгі
жағынан
сырғытыңыз.
3. Тұғырдың тіреуіш тақтайшасын (2) саңылауға кілт етіп орныққанша басыңыз.
6
3-тарау Мониторды орнату
Comentarios a estos manuales