
Қосымша алдыңғы панель шаң сүзгісін алып тастау және
орнату
Кейбір модельдер қосымша алдыңғы панель шаң сүзгісімен жабдықталған. Шаң сүзгісінде жиналған
шаң компьютерге келетін ауа ағымына кедергі болмауы үшін шаң сүзгісін мерзімді түрде тазалап
отырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша алдыңғы панель шаң сүзгісін HP компаниясынан алуға болады.
Шаң сүзгісін алып тастау, тазалау және ауыстыру:
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамас үшін
компьютерді ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
3. Шаң сүзгісін алу мақсатында сүзгіні төменде көрсетілген қойынша орындарындағы алдыңғы
панельден ажырату үшін саусақтарыңызды пайдаланыңыз.
4. Сүзгідегі шаңды тазалау үшін жұмсақ қылшақ не шүберекті пайдаланыңыз. Қатты ластанған
болса, сүзгіні сумен шайыңыз.
10 2-тарау Құрылғы жаңартулары
Comentarios a estos manuales