
3,5 дюймдік қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТПЕ: Екі 3,5 дюймдік қатты диск ұясы бар. 3,5 дюймдік қатты дискіні орнату процедурасы
әрбір диск үшін бірдей болады.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз
.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамас үшін
компьютерді ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Стандартты 6-32 күміс-көк түсті орнату бұрандаларының көмегімен қатты дискінің бүйіріндегі
орнату бұрандаларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: 3,5 дюймдік қатты дискіні ауыстыратын болсаңыз, орнату бұрандаларын ескі қатты
дискіден жаңасына тасымалдаңыз.
Екінші 3,5 дюймдік қатты дискіні қосатын болсаңыз, HP компаниясынан қосымша орнату
бұрандаларын сатып алуға болады.
● Төрт күміс-көк түсті 6-32 бекіткіш бұрандаларын орнату (дискінің әрбір тарапында екеуден).
● Сонымен қатар, 2,5 дюймдік қатты дискіні 3,5 дюймдік диск саңылауына төменде
көрсетілген үлгіге ұқсас адаптер арқылы орната аласыз.
Дискілерді орнату және алу 29
Comentarios a estos manuales