
Кеңейту картасын алу немесе орнату
Компьютердің екі PCI Express x1 кеңейту ұялары, бір PCI Express x16 кеңейту ұясы және бір x4 ұясына
қосылатын бір PCI Express x16 кеңейту ұясы бар.
ЕСКЕРТПЕ: PCI Express ұяшықтары тек қана төмен профайл кәртішкелеріне қолдау көрсетеді.
PCI Express x1, x4, x8, немесе x16 кеңейту карталарын PCI Express x16 ұяшығына орнатуға болады.
Қос графикалық деректер картасының конфигурациясы үшін бірінші (бастапқы) карта a x4
ұяшығында берілісті төмендетпейтін PCI Express x16 ұясына орнатылуы қажет.
Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін:
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратып, барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Ішкі бөлшектерін зақымдамас үшін
компьютерді ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Дұрыс бос кеңейту ұяшығын жүйе тақтасына және сәйкес кеңейту ұяшығын компьютер шассиінің
артына орналастырыңыз.
8. Кертпенің тартқышын көтеріп және кертпені ашық жағына қарай айналдыру арқылы ұяшық
қақпағының тіреуішін босатыңыз.
Кеңейту картасын алу немесе орнату 17
Comentarios a estos manuales