
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін
пайдалану
HP компьютеріңізді вебкамераны қолданып, музыка тыңдап, киноларды жүктеп алу үшін ойын-
сауықтық құрал ретінде қолданыңыз. Немесе, компьютеріңізді бұрынғысынан да мықты ойын-
сауық орталығы ретінде қолдану үшін, спикерлер, құлаққаптар жəне ойын құралын қосыңыз.
Вебкамераны пайдалану
Бұл компьютердің келесі бөлмедегі немесе əлемнің басқа бөлігіндегі жақын достарыңыз
немесе əріптестеріңізбен байланысуға мүмкіндік беретін қуатты əлеуметтік желі құралы болып
табылатын ішкі веб-камерасы бар. Веб-камераны пайдаланып лездік хабар алмасу
бағдарламалық құралымен бейне ағынын жасауға, бейнеге түсіруге жəне бөлісуге, сондай-ақ,
фотосуреттер түсіруге болады.
▲
Веб камераны қолдану үшін бастау экранынан c
əрпін теріңіз, одан кейін камера пəрменін
таңдаңыз.
Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін, анықтама жəне қолдау тармақтарын
қараңыз. Бастау экранында h əрпін жазыңыз, одан кейін анықтама жəне қолдау пəрменін
таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
HP компьютеріңізде музыка CD-лерін ойнатуға, музыканы жүктеп алып тыңдауға, вебтен аудио
мазмұнын (радионы қоса) жүктеуге, аудио жазуға, немесе мультимедиа жасау үшін аудио мен
видеоны араластыруға болады. Тыңдау мүмкіндігін жақсарту үшін, сыртқы құралдарды немесе
құлаққаптарды жалғаңыз.
Дыбысын реттеу
1. Чармдарды көрсету үшін меңзерді бастау экранынан экранның оң жақ түбіндегі жоғарғы
немесе төменгі бұрышына бағыттаңыз.
2. Параметрлер тармағын таңдаңыз да, спикерлер таңбасын басыңыз.
3. Дыбысын қатайту немесе ақырындату үшін, сырғақты реттеңіз.
ЕСКЕРІМ: Дыбысын реттеу үшін пернетақтадағы дыбыс пернелерін қолдануға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Əрекеттік пернелерді қолдану 25-бетте бөлімін қараңыз.
Спикерлерді қосу
Сымды спикерлерді компьютердегі USB порттары арқылы қосуға болады.
Компьютерге сымсыз спикерлерді қосу үшін, құралды өндіруші жабдықтаған нұсқауларды
қараңыз. Компьютерге жоғары анықтағышты спикерлер қосу үшін, ақпаратты мына жерден
қараңыз:
HDMI aудио параметрлерін анықтау 18-бетте. Спикерлерді қоспас бұрын, дыбыс
деңгейін төмендетіңіз.
16 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Comentarios a estos manuales