HP Spectre ONE 23-e010 All-in-One Desktop PC Manual de usuario Pagina 46

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 61
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 45
Қалпына келтіру жəне жөндеу
Қалпына келтірудің бірнеше жолы бар. Қолданылатын əдіс жағдайға жəне тəжірибеңізге
байланысты:
Егер жеке файлдар мен деректерді қалпыне келтіру қажет болса, Windows файл тарихы
қызметін қолданып, жасақталған сақтық көшірмелерін қалпына келтіруге болады. Windows
файл тарихы туралы қосымша ақпаратты жəне қолдану қадамдарын Windows анықтама
жəне қолдау бөлімінен қараңыз. Бастау экранында h əрпін жазыңыз, одан кейін анықтама
жəне
қолдау пəрменін таңдаңыз.
Алдын-ала орнатылған қолданба немесе драйвер қайта орнату үшін HP қайта қалпына
келтіру менеджерінің құрылғы драйверін қайта орнату немесе компьютерлік бағдарламаны
қайта орнату қызметін қолданыңыз.
Бастау экранына қалпына келтіру деп жазып, HP қалпына келтурі менеджері, одан
кейін құрылғы драйверін қайта орнату немесе бағдарламаны қайта орнату тармағын
таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз
.
Егер жүйені алдыңғы күйіне жеке деректерді жоғалтпай қайта қалпына келтіргіңіз келсе,
Windows жүйені қалпына келтіру қызметі Windows жаңалау немесе қайта орнату
қадамдарын талап етпей қалпына келтіреді. Windows жүйені қалпына келтіру нүктелерін
Windows жаңартулары немесе басқа жүйені жөндеу жұмысы кезінде автоматты түрде
жасайды. Қалпына келтіру нүктесін қолмен жасамасаңыз да алдыңғы нүктеге қайтаруды
таңдауыңызға болады. Windows жүйесін қалпына
келтіруді қолдану туралы қосымша
ақпарат пен қолдану қадамдарын көру үшін бастау экранына h əрпін теріңіз, одан кейін
анықтама жəне қолдау тармағын таңдаңыз.
Жүйені жылдам жəне оңай, жеке деректерді, реттеулерді, орнатылған қолданбаларды
жоғалтпай қалпына келтіргіңіз келсе, Windows жаңалау бағдарламасын қолданыңыз. Бұл
қызмет деректерді басқа драйвқа сақтық көшіруді қажет етпейді. Windows жаңалау
қызметін жылдам жəне оңай қалпына келтіру үшін қолдану 41-бетте тармағын қараңыз.
Егер компьютерді бастапқы күйіне қайтару қажет болса, Windows жүйесі барлық жеке
деректер, қолданбалар жəне параметрлерді оңай алып, Windows жүйесін қайта орнату
жолын ұсынады. Толығырақ ақпарат үшін,
Барлығын алып, Windows жүйесін қайта
орнатыңыз. 41-бетте бөлімін қараңыз.
Компьютердің бастапқы зауыттық бөлшегін жəне мазмұнын қалпына келтіру қажет болса,
HP қалпына келтіру медиасынан жүйені қалпына келтіру қызметін таңдаңыз. Толығырақ
ақпарат үшін,
HP қалпына келтіру менеджерін қолданып қалпына келтіру 42-бетте
бөлімін қараңыз.
Қатты дискіні ауыстыру қажет болса, зауыттық бейнесін ауыстыратын драйвта қалпына
келтіру үшін HP қалпына келтіру медиасының зауыттық қайта реттеу опциясын қолдануға
болады. Толығырақ ақпарат үшін,
HP қалпына келтіру менеджерін қолданып қалпына
келтіру 42-бетте бөлімін қараңыз.
Қатты драйвтағы орынды босату үшін қалпына келтіру бөлшегін алып тастағыңыз келсе,
HP қалпына келтіру менеджері қалпына келтіру бөлшегін алып тастау мүмкіндігін ұсынады.
Толығырақ ақпарат үшін,
HP қалпына келтіру бөлшегін алу (таңдаулы үлгілерде
ғана) 43-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Сақталмаған ақпаратты жоғалтып алмас үшін, HP қалпына келтіру бөлшегін
алып тастағанға дейін, қалпына келтіру медиасын жасап алуға кеңес береді.
40 Бап 9 Сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру жəне жөндеу
Vista de pagina 45
1 2 ... 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 ... 60 61

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios