
4. Қуат түймесін басқанда аймағынан күту режимін таңдаңыз.
5. Өзгертулерді сақтау пəрменін басыңыз.
Күту режимінен шығу үшін қуат түймесін басыңыз.
Қуат шамдары жанып, экрандағы соңғы жұмысыңыз көрсетіледі. Егер ұйқы режимін қосқанда
құпия сөз талап етілсе, жұмысыңызды жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізіңіз.
Оянғанда кезде құпиясөзбен қорғау
Компьютер ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз талап етілуін орнату
үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына қосу деп жазыңыз да, параметрлер пəрменін басыңыз, одан кейін қосу
мүмкіндіктері пəрменін таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан оянғанда құпия сөз талап ету қызметін таңдаңыз.
3. Қол жетімсіз параметрлерді өзгерту пəрменін таңдаңыз.
4. Құпия сөз талап
ету (ұсынылған) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе
өзгерту пəрменін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік
жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаса, 5-қадамға өтіңіз.
5. Өзгертулерді сақтау пəрменін таңдаңыз.
Компьютерді өшіру
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жоғалады.
Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйемен қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды
жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Келесі жағдайларда компьютерді өшіру қажет:
●
Компьютердің ішкі бөлшектерін ашу қажет болса
●
USB немесе видео порттан басқа порттарға сыртқы құрылғыны қосқанда
●
Компьютер ұзақ уақыт қолданылмағанда немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылғанда
Компьютерді қуат түймесі арқылы да өшіруге болады, бірақ
келесі өшіру қадамдарын қолдану
ұсынылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде тұрса, компьютерді өшірмес бұрын, қосу
түймесін басып, ұйқы немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Чармдарды көрсету үшін меңзерді бастау экранынан экранның оң жақ түбіндегі жоғарғы
немесе төменгі бұрышына бағыттап, параметрлер қызметін басыңыз.
3. Қосу таңбасын басыңыз, одан кейін жұмысты аяқтау параметрін таңдаңыз.
Компьютерді өшіру 29
Comentarios a estos manuales