
Орнату аспабын (BIOS) іске қосу
Орнату аспабын (BIOS) іске қосу үшін, компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз, esc, одан
кейін f10 пернелерін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютер орнату аспабына кірмесе, fn+f lock пернелерін, одан кейін орнату
аспабын іске қосу пəрменін қайта басыңыз.
Орнату аспабын (BIOS) қалай шарлау керек екені жайлы ақпарат эрканның түбінде орналасқан.
Орнату аспабының (BIOS) қауіпсіздік құпия сөзі.
құпия сөз Функция
BIOS əкімшісінің құпиясөзі ● Орнату аспабын (BIOS) қолданған сайын енгізіп отыру қажет.
●
Компьютерді қосу үшін қолданылатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді
қызмет көрсету орталығына апаруыңыз керек.
ЕСКЕРІМ: Орнату аспабын өзгерткенде (BIOS) аса абай болыңыз. Қателер компьютер
жұмысына əсер етеді.
Орнату аспабының (BIOS) қауіпсіздік құпия сөзін тағайындау, өзгерту немесе жою:
1. Компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы орнату аспабын (BIOS) ашыңыз. Экранның
төменгі сол бұрышында «Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз» хабары
көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Жебе пернелерін қолданып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Орнату мəзірі көрсетілген
кезде, f10 пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютер орнату аспабына кірмесе, fn+f lock пернелерін, одан кейін
орнату аспабын іске қосу пəрменін қайта басыңыз.
3. Жебе пернелерін қолданып, қауіпсіздік тармағын таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Өзгерістер компьютерді қайта бастағанда ғана енгізіледі.
Жүйе диагностикасын пайдалану
Жүйе диагностикасы компьютердің қатты дискі дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру
мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді.
1. Компьютерді қосу немесе қайта бастау үшін, esc, одан кейін f2 пернелерін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер компьютер жүйе диагностикасына кірмесе, fn+f lock пернелерін, одан
кейін жүйе диагностикасын қайта бастаңыз.
2. Қажетті диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосылып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
Жүйе параметрлерін реттеу 37
Comentarios a estos manuales