HP Spectre ONE 23-e010 All-in-One Desktop PC Manual de usuario Pagina 51

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 61
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 50
Қауіпсіздік коды мəселе болмаса, WLAN жүйесі бүлінген болуы мүмкін. Əдетте Windows жүйесі
бүлінген WLAN байланысын автоматты түрде жөндейді.
Хабарландыру аймағының тапсырмалар бағанасының оң жақ түбінде желі күйінің таңбасы
бар болса, таңбаның оң жағын басып, ақаулықтарды жою пəрменін басыңыз.
Windows желі құралын қайта реттеп, қажетті желіге қосуға əрекеттенеді.
Егер хабарландыру аймағында таңба болмаса, мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Бастау экранынан c əрпін теріп, одан кейін басқару панелі пəрменін таңдаңыз.
2. Желі жəне интернет, одан кейінжелі жəне бөлісу орталығы тармақтарын таңдаңыз.
3. Ақаулықтарды жою тармағынан жөндейтін желіні таңдаңыз.
Ағымдағы желінің қауіпсіздік коды жоқ
WLAN жүйесіне енгенде қауіпсіздік коды (немесе желі кілті) немесе атауы (SSID) талап етілсе,
желі қорғалған. SSID жəне қауіпсіздік коды компьютерді желі тану үшін енгізілетін
альфанөмірлік кодтар. Қорғалған желі жүйесіне қосылу үшін қауіпсіздік кодыңыз болуы керек.
Жеке сымсыз рутерге қосылған желі туралы жəне рутер мен WLAN жүйесіне бірдей код
тағайындау туралы нұсқауларды рутер қолданушысының нұсқаулығынан қараңыз
.
Жеке желі, мысалы, офисте немесе қоғамдық интернеттік чат бөлмесіндегі желінің коды
жайлы желі əкімшісіне хабарласаңыз, қажет болғанда сол кодты енгізіңіз.
Кейбір желілер қауіпсіздік мақсатында SSID немесе желі кілттерін жиі өзгертіп отырады.
Сізге де компьютеріңіздің кодын соған сəйкес өзгертіп отыру керек.
Сізге жаңа сымсыз желі кілті берілсе жəне жаңа SSID берілсе жəне сіз
сол желіге бұрыннан
қосылған болсаңыз, желіден шығу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Windows жұмыс үстелінен тапсырмалар тақтасының оң жақ түбінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы желі күйінің таңбасын басыңыз.
Байланыстағы WLAN-дар тізімі көрсетіледі. Бірнеше WLAN қосылған торап болса,
барлығы көрсетіледі.
2. Желінің оң жағын басып, сипаттамалары тармағын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сізге қажетті желі тізімде болмаса желі əкімшісіне хабарласып, рутер немесе
жетімділік нүктесі жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
3. Қауіпсіздік тармағын басып, қажетті сымсыз шрифт дерегін желі қауіпсіздігінің кілті
терезесіне енгізіңіз.
4. Параметрлерді сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
Сымсыз рутерге қосыла алмасаңыз
Егер сымсыз рутерге қосыла алмасаңыз, сымсыз рутерді қуат көзінен 10-15 секундтай суырып,
қайта реттеңіз.
Компьютер WLAN жүйесіне əлі де қосылмаса, сымсыз рутерді қайта бастаңыз. Қосымша
ақпаратты рутер өндірушісінің нұсқаулығынан қараңыз.
Желі күйінің таңбасы көрінбейді.
Желі күйінің таңбасы WLAN реттелген соң көрінбесе, бағдарлама драйвері не бүлінген, не
орнатылмаған. Windows “құрал табылмадыдеген хабар көрсетуі мүмкін.
Сымсыз байланыс мəселелері 45
Vista de pagina 50
1 2 ... 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 ... 60 61

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios