
Пернетақтаны пайдалану
Əрекет пернелерін пайдалану
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f12 аралығындағы
пернелердегі белгішелер сол пернеге тағайындалған функцияны білдіреді.
Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Əрекет перне функциясын өшіруге жəне
стандартты параметрлерге қайта келтіруге болады. Стандартты параметрлерді пайдалану
кезінде, тағайындалған мүмкіндікті қолдану үшін fn
пернесі мен функционалдық пернелердің
біреуін басыңыз. Нұсқауларды
Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану 69-бетте атты
бөлімнен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, аса
мұқият болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Белгіше Перне Сипаттама
f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау
орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты жою
құралдарын жəне тұтынушыларға қолдау көрсету қызметін ұсынады.
f2 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда экран жарықтығын қадам бойынша
төмендетеді.
f3 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда экран жарықтығын қадам бойынша
жоғарылатады.
f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан
кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
f5 Пернетақта жарықтандырғышын қосады немесе өшіреді.
ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның артқы жарықтандыруы зауытта іске қосылады.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін пернетақта жарықтандырғышын
өшіріңіз.
f6 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі
алдыңғы бөлімді ойнатады.
f7 Аудио ықшам дискісіндегі жолды немесе DVD, Blu-ray дискісіндегі бөлімді
ойнатады, тоқтата тұрады немесе жалғастырады.
f8 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі
бөлімді ойнатады.
Пернетақтаны пайдалану 29
Comentarios a estos manuales