
8 Дискілер
Дискілер ұстау
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Сыртқы
диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар
қолданылатын үрдістерде қамтылған.
ЕСКЕРІМ: «Қатты диск» термині осы нұсқаулықта қатты күйдегі дискіні (SSD) білдіреді.
Мына сақтық шараларын орындаңыз:
●
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
●
Қосымша сыртқы оптикалық диск жетегі (бөлек сатылады) дискіге жазып жатқанда,
ақпаратты теру үшін пернетақтаны пайдаланбаңыз немесе компьютерді жылжытпаңыз.
Жазу үрдісі тербеліске сезімтал.
●
Батарея жалғыз қуат көзі
болса, ақпарат құралдарына жазбастан бұрын, зарядының
жеткілікті екенін тексеріңіз.
●
Дискжетегін температура жоғары немесе ылғал жерде сақтамаңыз.
●
Дискжетегін сұйықтық бар жерде сақтамаңыз. Дискжетегіне тазарту заттарын шашпаңыз.
●
Диск жетегімен саяхатқа шықпас бұрын, оны тасымалдау немесе сақтау алдында медиа
құралын диск жетегінен шығарыңыз.
●
Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар қауіпсіздік
құрылғылары
əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы белдікті конвейерлер жəне
олар сияқты қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін
қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
Дискілер ұстау 53
Comentarios a estos manuales