
Компьютердің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады.
Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне
дисплей мен компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
●
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows
өшіру
пəрменін қолдану болып табылады:
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, ұйқы
немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Завершение работы (Жұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану
мүмкін болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
●
ctrl+alt+delete пернелер тіркесімін басып, одан кейін экранға шыққан Выключение (Өшіру)
түймешігін басыңыз.
●
Қуат
түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
48 Бап 6 Қуат басқару
Comentarios a estos manuales