
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мəселелерін шешу жəне бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін,
компьютерге орнатылған HP компаниясының, Microsoft Windows амалдық жүйесінің жəне
үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз.
Windows қауіпсіздік жаңартуларын орнату
Амалдық жүйе үшін жаңартулар жəне басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан
жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені
туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін,
ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды
жаңартуларды орнатыңыз.
Компьютерге қол жетімді барлық жаңартулардың орнатылғанын тексеру үшін, осы нұсқауларды
орындаңыз:
● Компьютерді
орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update бағдарламасын іске
қосыңыз. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Windows Update
тармақтарын таңдаңыз.
●
Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
●
Windows жəне басқа Microsoft бағдарламаларының жаңартуларын шығарылған кезде
Microsoft веб-торабы, сондай-ақ анықтама жəне қолдау орталығындағы жаңартулар
сілтемесі арқылы алыңыз.
HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарының
жаңартуларын орнату
HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен
драйверлерді үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін,
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді
автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса,
бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз. Бағдарламалық құрал компаниялары қауіпсіздік
мəселелерін шешу жəне бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін өнімдерге
жаңартуларды ұсынады.
Сымсыз желіні қорғау
Сымсыз желіні орнатқан кезде қауіпсіздік функцияларын іске қосыңыз. Толық ақпаратты
«Желіге қосылу» тарауының «WLAN желісін қорғау» бөлімінен қараңыз.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату 59
Comentarios a estos manuales