
2 Компьютермен танысу
Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда
орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген.
Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері
Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар
басқарушысы
) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын
таңдаңыз.
Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы
ақпарат алу үшін fn+esc (тек таңдаулы өнімдерде) пернелерін басыңыз.
Бағдарламалық құралдардың орналасқан жерлері
Компьютерде орнатылған бағдарламалық құралдардың тізімін көру үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басыңыз.
– немесе –
▲ Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Приложения и
возможности (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
Бағдарламалық құралды компьютерге қосу үшін Windows Store бағдарламасын пайдаланыңыз.
1. Пуск (Бастау) опциясын, кейін Store опциясын таңдаңыз.
2. Іздеу жолағына іздеу терминін енгізіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4 2-тарау Компьютермен танысу
Comentarios a estos manuales