
● Өнімдеріміз бен қызметтерімізге қатысты көмекші технологияны жетілдіретін ішкі және сыртқы
зерттеу және дамыту бөліміне қолдау көрсету.
● Арнайы мүмкіндіктерге арналған өндірістік стандарттар мен нұсқауларға қолдау көрсету және
үлес қосу.
Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі
(IAAP)
IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты
жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік. Мақсаты – арнайы мүмкіндіктер жөніндегі
білікті мамандарға мансаптарын жетілдіруге және дамытуға
, сондай-ақ ұйымдарға арнайы
мүмкіндіктерді өнімдері мен инфрақұрылымына жақсырақ ендіруге көмектесу.
HP негізін қалаушы мүше болып табылады және біз арнайы мүмкіндіктер саласын дамытуға қатынасу
мақсатында басқа ұйымдармен біріктік. Бұл міндет мүмкіндіктері шектеулі адамдар тиімді пайдалана
алатын өнімдеріміз бен қызметтерімізді жасақтау, өндіру және нарыққа шығару бойынша
компаниямыздың арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мақсатына қолдау көрсетеді.
IAAP басқалардан үйрену мақсатында жеке адамдарды, студенттерді және ұйымдарды жаһандық
тұрғыда біріктіру арқылы біздің мамандығымызды күшейтеді. Егер қосымша қызығушылық
танытатын болсаңыз, онлайн қауымдастыққа қосылу, ақпараттық таратылымдарға жазылу және
мүшелік опциялары туралы білу үшін, http://www.accessibilityassociation.org сайтына өтіңіз.
Ең жақсы арнайы технологияны табу
Физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қоса, кез келген тұлға
технологияны қолданып сөйлесе, өз ойларын айта және әлеммен байланыса алу керек. HP компаниясы
HP ішіндегі және тұтынушылар мен серіктестерінің арнайы мүмкіндіктер туралы танымалдықтарын
арттыруға міндеттенеді. Көздеріңіз оңай көретін үлкен қаріптер, қолдарыңыздың демалуына
мүмкіндік беретін дыбыстық тану немесе белгілі жағдайда көмектесетін басқа да арнайы мүмкіндіктер
технологиясы — НР өнімдерін пайдалануды оңайлататын сан алуан арнайы технологиялар түрлері. Сіз
қалай таңдау жасайсыз?
Қажеттіліктеріңізге қол жеткізу
Технология әлеуетті жүзеге асыра алады. Арнайы технология тосқауылдарды жойып, үйдегі,
жұмыстағы және қоғамдағы дербестікті жасауға көмектеседі. Көмекші технология (АТ) дербес
компьютер мен ноутбуктерді, планшеттерді, ұялы телефондарды, принтерлерді және т.б.-ды қоса,
электрондық және ақпараттық технологияның функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға, жүзеге
асыруға және жетілдіруге көмектеседі.
Көптеген көмекші технология өнімдерінен таңдауға болады. Көмекші технологияны анықтау бірнеше
өнімдерге бағалауға, сұрақтарға жауап беруге және жағдайға арналған ең жақсы шешімді таңдауға
мүмкіндік беру керек. Көмекші технологияны бағалауда маманданған білікті мамандардың көптеген
салалардан шығатынын көресіз, оның ішінде физиотерапия, еңбек терапиясы, сөйлеу/тіл патологиясы
және де басқа да біліктілік салалары. Куәлігі немесе лицензиясы жоқ басқалар да бағалау негізіндегі
ақпаратты ұсына алады. Қажеттіліктеріңізге сай екендігін анықтау үшін, жеке тұлғалардан тәжірибесі,
біліктілігі және қызмет ақысы туралы сұрағыңыз келеді.
HP дербес компьютері мен планшет өнімдеріне арналған арнайы мүмкіндіктер
Келесі сілтемелер қолданыста болса, әртүрлі НР өнімдерінде қамтылған арнайы мүмкіндіктер мен
көмекші технология бойынша ақпаратты береді. Мына ресурстар сіздің жағдайыңызға көбірек сәйкес
келетін арнайы көмекші технология мүмкіндіктері мен өнімін (өнімдерін) таңдауға көмектеседі.
64 14-тарау Арнайы мүмкіндіктер
Comentarios a estos manuales