
Драйверлерді жаңарту
Драйверлерді жаңарту үшін Windows Device Manager бағдарламасын пайдаланыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына windows update settings (windows жаңарту
параметрлері) сөзін жазып, Windows жаңарту параметрлері опциясын таңдаңыз.
2. Проверить наличие обновлений (Жаңартулардың бар-жоқтығын тексеру) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Windows жүйесі жаңа драйверді таба алмаса, құрылғы өндірушісінің веб-
торабына кіріңіз және нұсқауларды орындаңыз.
HP Support Assistant бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Егер өнім HP Support Assistant бағдарламасына қолдау көрсетсе, бағдарламалар мен драйверлерді
төмендегідей жаңартыңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдаңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ноутбук (Ноутбугім), Обновление (Жаңартулар) опциясын таңдаңыз және Проверить
наличие обновлений и сообщений (Жаңартуларды және хабарларды тексеру) түймешігін
басыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар
шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде)
● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық
шүберек)
● Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний
хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін
тексеріңіз.
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде, кір
және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рәсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
38 7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету
Comentarios a estos manuales