
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек
сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты
жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі тек ішкі қатты дискілерін қорғайды. Қосымша қондыру
құрылғысына орнатылған немесе USB портына қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы
қорғалмайды.
ЕСКЕРТПЕ: SSD дискілерінде жылжитын бөліктері болмағасын, HP 3D DriveGuard қызметі осы
дискілер үшін қажет емес.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы және (немесе) қосымша қатты диск
ұясындағы (тек таңдаулы өнімдерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету үшін түсті
өзгертеді.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде жаңартуға кеңес береді. Жаңартулар
мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Мысалы, ескі
графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана
алмайсыз.
HP бағдарламалары мен драйверлерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін http://www.hp.com/
support бөліміне өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде
алу үшін тіркеліңіз.
Microsoft Store бағдарламасын пайдалану
Егер өнім HP Support Assistant бағдарламасын қамтымаса, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
үшін осы процестерді пайдаланыңыз.
Бағдарламаларды жаңарту
1. Пуск (Бастау) опциясын, кейін Store опциясын таңдаңыз.
2. Іздеу жолағының жанындағы есептік жазба профилі суретін таңдап, Жүктеулер мен жаңартулар
опциясын таңдаңыз.
3. Жүктеулер мен жаңартулар бетінде жаңартулар үшін таңдау жасаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 37
Comentarios a estos manuales