HP Stream - 14t-ax000 CTO Manual de usuario Pagina 65

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 86
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 64
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне
қайтару және қалпына келтіру
Бұл тарау сақтық көшірмелер жасау және жүйені бастапқы күйіне қайтару мен қалпына келтіру
туралы ақпаратты береді.
Windows жүйесі жеке мәліметтерді сақтық көшірмелеу, компьютерді сақтық көшірмеден қалпына
келтіру мен компьютерді бастапқы күйіне қайтарудың күшті құралдарын қамтамасыз етеді. Windows
құралдарын сақтық көшірмелеу, компьютерді бастапқы күйіне қайтару және қалпына келтіру үшін
пайдалану (53-бет) бөлімін қараңыз.
Windows құралдарына қоса, компьютерде алдын ала орнатылған амалдық жүйеге қарай
компьютерде әрі HP компаниясының қосымша функциялар үшін қамтамасыз еткен құралдар болуы
мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер планшетте қалпына келтіру процедурасын орындап тұрса, қалпына
келтіру процесін бастамас бұрын планшет батареясының заряды кем дегенде 70% асуы тиіс.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Кез келген қалпына келтіру процесін бастамас бұрын ажыратылатын
пернетақтасы бар планшетті пернетақта қондырмасына жалғаңыз.
Windows құралдарын сақтық көшірмелеу, компьютерді
бастапқы күйіне қайтару және қалпына келтіру үшін
пайдалану
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Windows жүйесі жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасауға мүмкіндік беретін
бір-ақ опция болып табылады. Мәліметтердің жоғалуын болдырмау үшін жүйелі түрде сақтық
көшірмелер жасауды жоспарлаңыз.
Windows құралдарын жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау, жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасау, сақтық көшірмеден қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қалпына келтіру медиасын жасау,
компьютерді қалпына келтіру және компьютерді бастапқы күйіне қайтару үшін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына
келтіру мүмкіндігі әдепкі бойынша ажыратылған болады.
Сақтық көшірмелер жасау
Windows құралдары арқылы қалпына келтіру медиасын, жүйені қалпына келтіру нүктелерін және
жеке ақпаратыңыздың сақтық көшірмелерін жасауға болады. Қосымша ақпаратты және нұсқауларды
Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасында қараңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз
қажет.
Windows құралдарын сақтық көшірмелеу, компьютерді бастапқы күйіне қайтару және қалпына
келтіру үшін пайдалану
53
Vista de pagina 64
1 2 ... 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 ... 85 86

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios