HP Stream - 14t-ax000 CTO Manual de usuario Pagina 68

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 86
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 67
HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау
үшін пайдалану
НР қалпына келтіру құралын HP Бұлттық қалпына келтіру нұсқасын жүктеу құралы көмегімен жасау
үшін
1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз.
2. ПО и драйверы (Бағдарламалық құрал және драйверлер) қойыншасын таңдаңыз, содан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Алдыңғы күйге қайтаруды және қалпына келтіруді келесі бір немесе бірнеше опция арқылы
орындауға болады: Windows құралдары, HP Recovery Manager бағдарламасы немесе HP Recovery
бөлімі.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager және HP Recovery бөлімі Windows 10 S өнімдеріне
қолжетімді емес.
Windows құралдары көмегімен алдыңғы күйге қайтару, бастапқы қалпына
келтіру және қалпына келтіру
Windows жүйесі компьютерді алдыңғы күйіне қайтару, бастапқы қалпына келтіру және қалпына
келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Мәлімет алу үшін Windows құралдарын сақтық көшірмелеу,
компьютерді бастапқы күйіне қайтару және қалпына келтіру үшін пайдалану (53-бет) қараңыз.
HP Recovery Manager бағдарламасын және HP Recovery бөлімін пайдалану
арқылы алдыңғы күйге қайтару
HP Recovery Manager бағдарламасын және HP Recovery бөлімін (тек таңдаулы үлгілерде) компьютерді
бастапқы зауыттық күйіне келтіру үшін пайдалануға болады:
Алдын ала орнатылған қолданбалардың немесе драйверлердің ақаулықтарын шешу: алдын
ала орнатылған қолданбаның немесе драйвердің мәселесін шешу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін
жазып
, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
2. Reinstall drivers and/or applicationsрайверлер мен/немесе бағдарламаларды қайта
орнату) опциясын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану: Windows бөлімін бастапқы зауыттық күйіне
қайтару үшін, HP Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы өнімдерде) жүйені қалпына келтіру
опциясын таңдауға немесе HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады. Қосымша
ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (57-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына
келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек
таңдаулы өнімдерде) (54-бет) бөлімін қараңыз.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде):
қатты дискідегі барлық ақпаратты өшіріп, бөлімдерді қайта жасап, операциялық жүйе мен
зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнату (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы
компьютерді бастапқы зауыттық параметрлерге келтіреді). Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру опциясын қолдану үшін HP Recovery медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру
медиа құралы жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы
өнімдерде) (54-бет) бөлімін қараңыз.
56 11-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
Vista de pagina 67
1 2 ... 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 ... 85 86

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios