
▲
Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP
Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының
жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и средства
(Өнімділік және құралдар) > HP Connection Manager (НР Қосылу жөнінде көмекші) тармақтарын,
одан кейін керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін
басыңыз.
HP Connection Manager пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Connection Manager құралы сымсыз байланыс құрылғыларын басқарудың орталығын, HP мобильді
байланыстың кең жолақты желісі арқылы Интернетке жалғанудың интерфейсін, сондай-ақ SMS
(мәтінді) хабарлар жіберудің интерфейсін қамтамасыз етеді. HP Connection Manager бағдарламасы
төмендегі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN)/Wi-Fi;
●
Сымсыз ғаламдық желі (WWAN)/HP мобильді байланыстың кең жолақты желісі;
●
Bluetooth
HP Connection Manager құралы байланыс күйі, қуат күйі, SIM мәліметтері және SMS хабарлары
жайында
ақпарат және хабарландыру береді. Күй ақпараты мен хабарландырулар тапсырмалар тақтасының оң
жақ шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі.
HP Connection Manager құралын ашу үшін
▲
Тапсырмалар тақтасындағы HP Connection Manager белгішесін басыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и средства (Өнімділік
және құралдар) > HP Connection Manager (НР Қосылу жөнінде көмекші) тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу
үшін, HP Connection Manager бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы
және бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы
зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып
тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы
сары жанып тұрады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз
байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз
желілерді басқаруға және желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
Сымсыз желіге қосылу 15
Comentarios a estos manuales